Алматы облысында жол үстінде көкпар тартқан 8 адам жазаланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полициясы автожол үстінде көкпар тартқан 8 адамды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерді тұрақты мониторингілеу барысында Қарасай ауданындағы автожол бойында бір топ адамның ат бәйгесін ұйымдастырған бейнежазбасы анықталды.

Бейнежазбада 20-30 адамнан құралған топ жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, «Алматы-Бішкек» автожолы бойында, Қарасай ауданының Бұлақты ауылының маңында рұқсатсыз көкпар ұйымдастырған.

Полиция қызметкерлері жолда жарыс ұйымдастырушыларды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шараларды қабылдады.

Нәтижесінде көкпар ұйымдастырған және оны тартуға атсалысқан Бұлақты кентінің сегіз жергілікті тұрғыны ұсталды.

Барлық аталған тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес «ұсақ бұзақылық» дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар