Алматы облысында жол тәртібіне бағынбағандардан 1 млрд теңгеден астам айыппұл өндірілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында  жол тәртібіне бағынбағандардан 1 182 343 452 теңге өндірілді. Бұл қаржы  жол қозғалысының қатысушыларына салынған барлық айыппұл сомасының шамамен 60  пайызы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дегенмен, тұрғындар тарапынан айыппұлдарды міндетті түрде төлеу өз деңгейінде жүргізілмейтінін атап өткіміз келеді. Кейбір жағдайларда айыппұлдарды өндіру мәжбүрлі түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, әртүрлі әдістерді қолдану мүмкіндігін ұсынатын заманауи онлайн-қызметтердің көмегімен де айыппұлдарды өндіру іске асырылуда», - деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Темір тұлпар тізгіндеген тұлғалар ең көп жол беретін құқық бұзушылық - жүргізушілердің жылдамдық режімін сақтамауы. Яғни, тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабының талабын бұзудың 74 151 дерегін тіркеген.

Сонымен қатар, полицейлер әкімшілік айыппұлдарды алғашқы 7 тәулік ішінде төлеген жағдайда 50 пайыздық жеңілдік берілетіні туралы ескертеді.

Соңғы жаңалықтар