Алматы облысында жол мамандары республикалық жолды су басу қаупінің алдын алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында қар күрт еру нәтижесінде «Екатеринбург – Алматы» автожолының үш учаскесінің жол жиегіне еріген қар суы ақты.

Күре жолды су басып, шайылып кетуіне жол бермеу мақсатында өңірдегі ҚазАвтоЖол қызметкерлері еріген қар суын бұру бойынша жедел жұмыс жүргізді.

Бұл туралы ҚазАқпарат республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір еріген қар суы су өткізгіш құбырлар арқылы өтуде. Жол жиегін нығайту және инертті материалдары бар қап төсеу жұмыстары жалғасуда. 20 маман мен 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Тәулік бойы кезекшілік және патрульдеу ұйымдастырылды.

Республикалық маңыздағы күре жолдар барлық бағытта ашық.


Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар