Алматы облысында жол бойында көкпар тартқандар жазаланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында сүндет тойдың құрметіне көкпар тартқандар жазаланды. Трассаның қақ ортасында тәртіп бұзған көкпаршылар Қарасай ауданының тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, көкпаршылардың видеосы әлеуметтік желіге тарап, халық наразылығын тудыртқан болатын.

«1 қараша күні полицияға Алматы-Жандосов жолында көкпар ұйымдастырылып жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары анықтағандай, ұлттық ойынды Долан ауылының 38 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол бес жастағы ұлын сүндетке отырғызу құрметіне көкпар ұйымдастырған. Ер азамат полиция бөліміне жеткізілді», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

38 жастағы тұрғын карантин талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы 1-тармағына сәйкес жазаланатын болады. Оған қатысты іс тиісті органға жолданды.



Соңғы жаңалықтар