Алматы облысында жол бойынан табылған балаға қатысты мән-жай анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында жолдың бойынан табылған бала жайлы мән-жай анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тексеру барысында анасы баласымен бірге көрші шаруа қожалығына келгені және бес жасар ұлын көлікте қалдырғаны анықталды. Бала анасын күтпей, жолға шығып кеткен. Оны өтіп бара жатқан өзге көліктің жүргізушісі байқап, бейнежазбаға түсіріп, желіге жүктеген. Содан кейін анасын тауып, баласын аман-есен қайтарған. Қазіргі уақытта бала анасының қасында.

Ювеналды полиция әкімшілік кодекстің 127-бабына сәйкес «ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы» дерегі бойынша баланың анасын жауапқа тарту туралы мәселесін қарастыруда», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев.

Сондай-ақ Алматы облысының полициясы баланы жалғыз қалдырмаған ер азаматты марапаттайтындарын жеткізді.

«Алматы облысы Полиция департаменті жол бойында баланы тауып алған қырағы жүргізушіге ризашылығын білдіреді және жақын арада оған белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтпақ», - деп толықтырды С.Үпиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін кішкентай баланың жол бойынан табылғандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар