Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 қараша күні таңертең «БМВ-530» автокөлігі Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласының көшелерінің бірінде жол шетіндегі ағашқа соғылды. Жол апаты салдарынан 23 жастағы көлік жүргізушісі мен оның бір жолаушысы жан тәсілім етті. Тағы екі жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен Алакөл аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі апат салдары тергеу барысында анықталатынын айтты.

Тәртіп сақшылары күннің суытып, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілер қысқы дөңгелектерге көшуі қажеттігін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар