Алматы облысында жол апатынан 41 жастағы жүргізуші мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік апатынан 41 жастағы жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Ресми мәліметке сәйкес оқиға бүгін таңғы сағат 08:00 шамасында Талғар-Ақбұлақ тасжолында болған.

Алдын ала болжам бойынша «Mitsubishi Galant» көлігінің жүргізушісі «Паз 3206» автокөлігіне жол бермеген.

Салдарынан көліктер соқтығысқан. Оқиға орнында «Mitsubishi Galant» көлігінің жүргізушісі мерт болды. Өзге зардап шегушілер жоқ.

«Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 345 бабы 3-тармағы бойынша соталды тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды» делінген ведомствоның ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар