Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тауып, 18-і зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында жеңіл автокөлік пен шағын автобус соғылып, 3 адам қаза болды. Тағы 18 адам жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ІІД-нен хабарлады.

Қайғылы оқиға бүгін Алматы-Өскемен тас жолында орын алған.

«Алматыға бағыт алған Toyota Granvia жүргізушісі көлігін басқара алмай, қарама-қарсы бетте келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусымен соқтығысқан. Жол апатынан Toyota Granvia жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында қаза болды», - деді ІІД қызметкерлері.

Мекеменің хабарлауынша, автобус жүргізушісі мен 18 жолаушы Іле ауданының ауруханасына жеткізілді.

Олардың ішінде екі адамның жағдайы өте ауыр.

Соңғы жаңалықтар