+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Алматы облысында жоғалып кеткен үш ағайынды өлі күйінде табылды

2016 жылғы 24 қыркүйек 19:36
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жоғалып кеткен үш ағайынды өлі күйінде табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында із-түзсіз жоғалған үш ағайындының өліміне күдіктілер ұсталды.

Бұл туралы аймақтық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Облыстық ІІД басшысының бірінші орынбасары подполковник Нұрлан Мәсімов басшылық еткен іздеу шараларына аудандық және аймақтық полицейлер де жұмылдырылды. Жоғалғандарды өлтірді деген күдікпен Жамбыл ауданының екі азаматы ұсталды. Жәбірленушілердің денелері табылды. ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлімі бойынша (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.

Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жұмыстары Алматы облыстық Ішкі істер департаменті басшылығының қатаң назарында.

Еске салайық, Көксу ауданының үш тұрғыны жоғалғаны туралы полицейлерге азаматтардың туыстары хабарлаған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, үш ағайынды 40 бас ірі қара малды сату үшін шалғайдағы Жамбыл ауданына бет алған. Олар туыстарымен соңғы рет байланысқа 19 қыркүйек күні шыққан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT