Алматы облысында жоғалып кеткен оқушы жалдамалы пәтерден табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жоғалып кеткен оқушы жалдамалы пәтерден табылды.  Қазір 16 жастағы Көксу ауданының тұрғыны ата-анасына оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғарғы сынып оқушысының хабар-ошарсыз кеткендігі жөнінде арыз 10 қаңтар күні түскен. Қыздың ата-анасы Көксу аудандық ІІБ жүгінген. Артынша жедел ұйымдастыру  шарасы ұйымдастырылып, қыз аман-есен табылды. Мектеп оқушысы Талдықорған қаласындағы жалдамалы пәтердің бірінде болған.Ол өзінің сүйіктісіне қашып кеткені анықталды. Облыстық ІІД қызметінің мәліметінше, жасөспірімнің  жағдайы жақсы. Аман-есен ата-анасына жеткізілді.

Полицейлер қыздың ата-анасымен сұхбаттасты. Ювиналды полиция тарапынан бойжеткеннің үйден қашып кету жағдайына баса назар аударылды. 

Соңғы жаңалықтар