Алматы облысында жоғалып кеткен бойжеткен тоғыз күннен соң табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 17 жастағы қыз тоғыз күннен соң табылды. Жасөспірімді іздеу үшін Алматы облысынан бөлек Алматы қаласының да полицейлері жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 тамыз күні із-түзсіз жоғалып кеткен қызды полицейлер Алматы қаласынан тапқан. Бірақ тәртіп сақшылары оның 9 күн бойы қайда болғанын, не істегенін, қай жерден тапқаны жөнінде ақпарат бермеді. Тек Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іздеуде болған баланың Алматыда екенін Ескелді ауданының полицейлері анықтаған.

«Алматы облысының полицейлері іздеуге қатысқан барлық еріктілерге алғыс айтады. Қыз баланы тәртіп сақшылар ата-анасына апарды», - деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар