Алматы облысында жоғалып кеткен баланың іздестіріліп жатқанына 4 күн болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында тауда жоғалып кеткен бүлдіршінннің іздестіріліп жатқанына 4 күн болды. Облыстық полиция баланың қасында болған өзге балалардан жауап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала жоғалып кеткен соң, қасында тауда болған басқа балалардан сұрадық. Олардың айтуынша, тауға шыққан кезінде оларға белгісіз ер адам келіп, өзінің шопан екенін, телефоны жоғалып кеткенін айтқан. Телефонымды сендер алдыңдар деп кінәлаған. 7 жастағы бала одан қорқып басқа ауыл жаққа қарай қаша жөнелген», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Содан бері Ернұр Сәдуақас үйіне оралмады.

Алғашқы үш күнде баланы іздестіруге 108 адам, 9 техника жұмылдырылды.

«Бүгінде баланы іздестіруді АІІБ, ТЖБ қызметкерлерімен қатар жергілікті тұрғындар да, барлығы 59 адам кірісті. Тау-тас, саяжай елді мекендерді, құз-жартастарды атпен, көлікпен, жаяу аралап шықтық. Шөптің қалыңдығы толассыз жауған жауын иісшіл иттерге де жұмыс істетпей жатыр», - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Айта кету керек, Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалып кеткен баланы құтқарушылар 14 шілдеден бері іздестіруде.

2011 жылы туған Ернұр Сәдуақас Ынтымақ ауылынан оңтүстік қапталдағы «Кіші саз» жайылымына бара жатқан жолдау таулы аумақта жоғалған.

7 жастағы Ернұрмен бірге үлкенді-кішілі 5 бала жолға шыққан. Қазір балалардың барлығы ауылда. Тек Ернұр ғана оралмады.

Соңғы жаңалықтар