Алматы облысында жоғалып кеткен 200-ден астам балалар мен жасөспірімдер іздестірілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ресми статистикаға сәйкес, ағымдағы жылы Алматы облысының полициясына із-түссіз жоғалып кеткен кәмелеттік жасқа жетпеген тұлғаларға қатысты 212 хабарлама мен өтініш келіп түсті.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, полицияның күшімен 141 жасөспірім табылып, тәулік ішінде туысқандарына қайтарылды.

Анықталғандай, ересектерге қарағанда, балалар мен жасөспірімдерді іздеу олардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен сәтте бірден қолға алынады. Іздеу нәтижесін бермеген жағдайда, ол келесі күні аймақта бар күштерді жұмылдырумен, сондай-ақ барлық қалалық және аудандық полиция бөлімшелеріне тұспалдау жіберуімен ресми түрде жарияланады. Полицейлердің ақпаратынша, із-түссіз жоғалып кеткен 212 кәмелеттік жасқа жетпегендердің ішінде 71 жасөспірімге ресми түрде іздеу жарияланған. Бүгінде тәртіп сақшылары ағымдағы жылы жоғалып кеткен бес жасөспірімді іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Бұған дейін іздеуде болған кәмелеттік жасқа жетпеген 30 жасөспірім балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілері қатарынан болды, олардың көбі тұрмысы нашар отбасылардан шыққан. Полиция қызметкерлері Алматы облысында жоғалған балалардың көбі Қарасай, Іле аудандарынан және Алматы қаласынан екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар