Алматы облысында жоғалған жасөспірім 10 күннен кейін табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 7 маусым күні із-түзсіз жоғалған жасөспірім табылды. Үйінен қашуды әдетке айналдырған 14 жастағы баланың ісін енді арнайы комиссия қарайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баланың жоғалғандығы жөнінде Талғар аудандық ІІБ-не ата-аналары хабарлап, бірден іздеу жұмыстары жүргізілді. Жоғалған жасөспірімнің суреті барлық ішкі істер органдарының бөлімшесіне таратылды. Ал кеше жасөспірім ата-анасының туыстарына барып, ол үйдің иелері бірден баланың табылғандығы жөнінде хабарлады. Бала қазір ата-анасымен бірге дін-аман өз үйіне оралды», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Анықталғандай, оқушы бұған дейін де үйінен бірнеше мәрте қашып кетіп, хабарсыз жүрген. Енді ювеналды полиция өкілдері профилактикалық тіркеуде тұрған жасөспірімнің материалдарын жинақтап, арнайы комиссияға тапсырмақ.

«Ал баланың ісін Талғар ауданындағы әкімдік жанынан құрылған жасөспірімдер құқығын қорғаумен айналысатын комиссия қарайды», деп толықтырды ведомства өкілдері.

Соңғы жаңалықтар