Алматы облысында жоғалған студент қыз пәтерден табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жоғалған 16 жастағы студент қыз құрбысының пәтерінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпанның бірі күні Жамбыл аудандық полиция бөлімшесіне Үзынағаш ауылының тұрғыны арыз түсірген. Шағымданушының сөзінше, оның 16 жастағы қызы жоғалып кеткен. Іздеуге шұғыл кіріскен тәртіп сақшылар кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің тұрақтаған мекенжайын анықтаған. Белгілі болғандай, студент қыз жоғалған уақыттан бері өзінің құрбысының пәтерінде болған. Ал оның не себепті үйінен кетіп қалғаны анықталуда», - деп мәлім етті Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жасөспірім бұған дейін де басқа әрекеттерімен полицейлердің көзіне түскен екен. Енді оның ата-анасы кәмелеттік жасқа толмаған баласына дұрыс қарамағаны үшін, яғни қадағалау жүргізбегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды.


Соңғы жаңалықтар