Алматы облысында жоғалған оқушы қыз 11 күннен кейін табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жоғалған оқушы қыз 11 күннен кейін қалааралық автобус ішінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарасай ауданының 15 жастағы тұрғыны із-түзсіз жоғалып кеткен.

«24 қыркүйек күні сағат 19:20 шамасында Қарасай аудандық полиция бөлімшесіне 15 жастағы қыздың жоғалғандығы жөнінде хабарлама түсті. 51 жастағы Жібек жолы ауылының тұрғыны қызының екі күн бұрын яғни, 22 қыркүйек күні түнгі сағат 21:00 шамасында үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткенін жеткізді. Баласын ата-анасы іздеген. Бірақ таппаған. Екі күннен кейін ғана анасы полицияға хабар берген», - делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Қарасай ауданының полицейлері үйінен қашып кеткен оқушы қызды Қаскелеңнен Алматыға бағыт алған автобустан тапты.

«Оқушының сөзінше, ол үйінен кеткен сәттен бастап базарда түнеген. Түсіндіру жұмыстарынан кейін 15 жастағы қыз ата-анасының қолына берілді»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар