Алматы облысында жоғалған қыз Шымкенттен табылды

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында жыл басында жоғалған қыз Шымкент қаласынан табылды. 16 жастағы жасөспірім ата-анасымен ұрсысып, үйінен қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғар ауданындағы Ақтас ауылының 16 жастағы тұрғыны ата-анасына хат жазып, үйінен кетіп қалған. Полицейлер қыз баланың мұндай шешім қабылдауына үйдегі кикілжің және Шымкент қаласының тұрғынымен әлеуметтік желіде танысқаны  себеп болуы мүмкін екенін айтады. Қаңтар айында із-түзсіз кеткен бойжеткен қазір Шымкенттегі колледждердің бірінде оқып жатыр.

«Алматы облысының полицейлері жасөспірімді тапты. Қыз бала Наурыз мерекесінде үйіне барып қайтуы мүмкін. Тәртіп сақшылары онымен сөйлескеннен кейін қыз ата-анасына хабарласып, жағдайын түсіндірді», -деп мәлім етті облыстың ІІД баспасөз қызметі.

Ведомстваның мәліметінше, қыз балаға ата-анасы  оқуын Шымкентте жалғастыруға келісімін берген көрінеді.

Соңғы жаңалықтар