Алматы облысында жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жоғалған Айгүл Амангелді өлі табылды. Марқұмның мүрдесін таулы аймақтан полицейлер мен еріктілер тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"19 мамыр күні 17 сағат 30 минут шамасында Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылына жақын таулы аймақтан Айгүл Амангелдінің мәйіті табылды. Қыздың денесінде қандай да бір қинап өлтіру белгілері байқалмайды. Алдын ала болжам бойынша, 18 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 105 бабына сәйкес тергеу жүріп жатыр",-деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Амангелді 13 мамыр күні Белбұлақ ауылындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Соңғы жаңалықтар