Алматы облысында жоғалған 16 жастағы қыз табылмай жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері ұшты-күйлі жоғалған қызды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. 16 жастағы Аружан  28 қаңтар күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған. 

Жоғалған бала Қарасай ауданындағы Шамалған станциясының тұрғыны,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Із-түзсіз кеткен қыздың бойы шамамен 160-165  см, дене бітімі арықтау келген. Шашы, көзі қара түсті. Үйден шығып кеткенде қыздың үстінде жасыл түсті күртеше, қоңыр  трико болған. Және аяғындағы бәтенкесі қара, ал өкшесі ақ түсті. Егер де кімде-кім суреттегі қызды көрген болса, не болмаса сол жайында қандай да бір ақпарат білсе, полицейлер жедел түрде 102 нөміріне хабарласуларын сұрайды. Сонымен қатар, Қарасай ауданының ІІБ кезекшілік бөлімшесіндегі мына нөмірге  8-7272-298-34-22, 8-72771-2-14-35 қоңырау шалуға болады.

Соңғы жаңалықтар