Алматы облысында жоғалған 13 жастағы қыз табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 13 жастағы оқушы қыз бір тәуліктен соң табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ескелді аудандық Полициясының кезекші бөліміне Бақтыбай ауылының 38 жастағы тұрғынынан кәмелетке толмаған қызын іздеуге көмектесу туралы хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, қызы үйден белгісіз бағытта кетіп, оралмаған. Бұл факті дереу жергілікті полицияда тіркелді.

«Жедел-іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері қыз баланың облыс орталығында тұрған жерін анықтап, Ескелді ауданының полициясына жеткізді. Психолог пен заңды өкілдердің қатысуымен жауап алу барысында кәмелетке толмаған оқушы қайда болғанын айтты. Сөзінше, ол Талдықорған қаласында өзіне бейтаныс адамдарға барып, олармен бірге қалған. Құрбыларымен қалғаны туралы ешкімді ескертпеген. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған және оның ата - аналарымен ювеналды полиция қызметкерлері мектеп мұғалімдері мен психологтардың қатысуымен алдын-алу жұмыстары жүргізілуде», - деді Ескелді ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қайрат Баймұханов.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушыны бірінші күні ата-анасы мен туыстары өз бетінше табуға тырысқан. Бірақ нәтиже болмағаннан соң полицияның көмегіне жүгінген.

«Тәртіп сақшылары өздерінің кәсіпқойлығының арқасында бір тәулік ішінде оны тауып, ата-аналарына қайтарып берді. Қыздың анасы тәртіп сақшыларына тек жұмысында ғана емес, жеке өмірлеріне де сәттілік тіледі»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар