+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Алматы облысында жігітімен бірге қашып кеткен 16 жасар қыз таудан табылды

2020 жылғы 8 тамыз 00:45
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жігітімен бірге қашып кеткен 16 жасар қыз таудан табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 16 жастағы қыз үйден кетіп, содан қайтып оралмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осындай маңызды ақпарат Қапшағай аудандық полиция басқармасына келіп түскен.

Қапшағай қаласының 16 жастағы тұрғыны ата-анасынан сұранып, құрбысының үйіне қонуға кеткен. Ата-анасы қызының жоспарынан мүлдем бейхабар еді. Бойжетіп қалған қызының әрекетінен күмәнданған әкесі тексеруді жөн көреді. Түйсігі алдамағанын және қыздың құрбысының үйіне келмегенін білген әкесі бірден полиция көмегіне жүгінген.

Қыздың мекенжайын анықтауға жедел уәкілдер жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің жоғалуына негіз болатын барлық нұсқаны пысықтады. Оның ұялы телефоны өшірулі және қыздың достары мен таныстары соңғы күндері қызбен хабарласпаған болып шықты.

Із кесушілердің шұғыл әрі кәсіби шеберлігі нәтижелі болып, бір тәулік ішінде із-түзсіз жоғалған қыз тауда жақын танысының жанынан табылды.

Кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыз жігітімен тауға қашып кеткен. Жасөспірімдер өздерінің іске аспай қалған жоспары мен ниеті жайлы тіс жармады.

Жасөспірімдермен түсіндіру жұмысы жүргізілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT