Алматы облысында жергілікті маңызы бар көлік жолдарын дамыту мен жөндеуге 14,2 млрд. теңге бөлінген

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жергілікті маңызы бар көлік жолдарын дамыту мен жөндеуге 14,2 млрд. теңге бөлінген, 60 шақырым жол күрделі жөндеуден, 246 шақырым жол - орташа жөндеуден өткен. Бұл туралы есептік кездесу барысында аймақ басшысы Амандық Баталов хабарлады.

Нәтижесінде, 220 елді мекеннің көшелері, немесе жолдың жалпы көлемінің 30 пайызы жөнге келтірілген.

2015 жылы Алматы-Өскемен күре жолының 113 шақырымы пайдалануға берілді. Алматы-Қапшағай күре жолындағы қозғалыс іске қосылды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен екінші жартыжылдықта «Талдықорған-Өскемен» және «Үшарал-Достық» күре жолдарының қалпына келтірілуі басталады. Бұдан басқа, өткен жылдан бері Талдықорғаннан Астанаға «Қазақэйр» әуе компаниясының ұшағы аптасына үш рет қатынап тұр. Ұшулардың қауіпсіздігі мен жайлылықты қамтамасыз ету үшін күнделікті рейстерді ашу мәселесі қарастырылып жатыр», - деп атап өтті Амандық Баталов.

Соңғы жаңалықтар