USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы облысында жеңгетайлықпен айналысқан 40 жастағы келіншек ұсталды

2021 жылғы 18 қазан 20:56
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жеңгетайлықпен айналысқан 40 жастағы келіншек ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жеңгетайлық жасады деген күдікпен Қапшағай қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде тәнін саудалаған 15 әйел мен үш жеңгетай ұсталды Елордада жезөкшелер притонын ұйымдастырған әйел ұсталды Талдықорғанда 46 жастағы жеңгетай жезөкшелер притонын ұйымдастырған

Алматы облысы ПД криминалдық полиция басқармасында ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі «пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлық жасау» бойынша қылмыстық іс тіркелді.

2021 жылы 13 қазанда жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қапшағай қаласындағы қонақ үйлердің бірінен полицейлер әкімші болып жұмыс істейтін 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Бұл азаматша өзінің негізгі міндеттерінен бөлек ақшалай сыйақы үшін «жеңгетайлық» қызметтерін де атқарған, клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін жеңіл мінез-құлықты қыздарды ұсынған.

«Күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмейді»,- делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT