Алматы облысында жемқорлыққа жақын салалар анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі жемқорлыққа ең бейім салалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы өңірлік департаментінің жетекшісі Данияр Тұрғанбаевтың айтуынша, заң бұзушылықтардың кеңінен етек алуына негізінен қаржылық-шаруашылық, бөлушілік өкілеттіктердің кеңдігі мен бақылау функциялары арқылы жол беріледі. 

«Жер учаскелерін беру мен бөлу, олардың нысаналы бағытын өзгерту кезінде, кадр мәселелерін шешуде, рұқсат беру құжаттарын беру барысында, мемлекеттік сатып алу жүргізуде заң бұзушылықтарға жиі жол беріледі», - дейді ведомство басшысы. 

Мәліметтерге қарағанда, ағымдағы жылдың басынан бері облыста 126 қылмыстық заң бұзушылық тіркелген, оның 98-і - сыбайлас жемқорлық қылмыстар. Ал соңына дейін жеткізілген қылмыстық істер бойынша келтірілген залал 223,2 млн теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар