Алматы облысында жемқорлар жайлы ақпарат бергендерге 1 млн теңгеге жуық сыйақы төленді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысының 5 тұрғыны сыбайлас жемқорлық деректері бойынша агенттіктің колл орталығына хабарласып, сыйақы алды. Бес адамға төленген қаражат құны - 962 610 теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Егер адам сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы хабарлаған болса, онда ол айыптау үкімі шығарылғаннан кейін пара сомасының 10%-ын ала алады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 Call-орталығы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына тәулік бойы жауап береді.

Бұған қоса, Call-орталығының операторлары агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен оның қызметкерлерінің жұмысына шағымдар, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, жұмысқа түсу тәртібін түсіндіреді.

Колл-орталығына түскен әрбір қоңырау бойынша заңнама шеңберінде дереу әрекет жүргізіліп отырады.

Бүгінде Алматы облысында «Jetisý - adaldyq alańy» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлықты жою бойынша бірыңғай мақсатты жүзеге асыруда мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарды біріктіретін жалпыұлттық идеяға айналуда.

Бұл бағытта жобалық кеңсе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 Call-орталығын насихаттау мақсатында Алматы облысының жастар белсенділері облыс аумағында мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, «Парасатты бол, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424-ке хабарла!» атты бірыңғай облыстық акция ұйымдастырды. Акция аясында белсенділер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жапсырмаларды қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде, патрульдік автокөліктерде, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің ақпараттық тақташаларында орналастырды.

«Жыл басынан бері «Парасат орталығы» облыстың барлық 20 ауданында ашылды. Орталықтың басты мақсаты - халықтың өзекті мәселелерін шешу бойынша шұғыл әрекет ету және азаматтардың құқығын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың өзара бірлесе әрекеттесуін қамтамасыз ету. Ақпан айынан бері облыс көлемінде 200-ге жуық іс-шара өткізілді. Шаралар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облыстық департаментінің бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың жеке бақылауында жүзеге асырылуда»,- деді.

Алматы облысы «Jetisý - adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі Аманжол Жазықбаев.


Соңғы жаңалықтар