Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 21 °С
Алматы: 25 °С
USD 343.45 EUR 399.57
RUB 5.52 CNY 51.28
Жаңалықтар

Алматы облысында жекеменшіктегі жер телімдерін қайтару жұмыстары баяу жүруде

2017 жылғы 30 наурыз 18:30 2019
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жекеменшіктегі жер телімдерін қайтару жұмыстары баяу жүруде

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жекеменшіктегі жер телімдерін мемлекетке қайтару жұмыстары баяу жүруде. Басты себеп -меншік иесінің ұсынылған қаржыға келіспеуі. Сондықтан көп мәселе сот арқылы шешіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, бір ғана Іле ауданында құрылған «Береке» индустриялық аймағына 77 жер учаскесі қажет. Қазіргі таңда, оның тек 3-і ғана сатып алынған. Ал 30 жер телімінің иесі ұсынған бағамен келіспей, соттасып жатыр.   

«Сондай-ақ 25 жер учаскесінің иесі тең бағалы жерді беруді сұрап отыр. Осыған байланысты жер телімдерін іздестіріп жатырмыз», - деді Алматы облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Айдос Әбдірахманов.

Айта кету керек, бүгін Талдықорғанда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен алқалы жиын өтті. Күн тәртібінде облыс аумағында жүзеге асырылатын республикалық және облыстық маңызы бар жобаларға қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару жұмыстары қаралды. Жалпы өңірде ірі жобаларды жүзеге асыру мақсатында 150 жуық жер учаскесі  қайтарылуы қажет.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат