+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Алматы облысында жедел желі іске қосылды

2020 жылғы 29 маусым 15:14
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жедел желі іске қосылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында барлық ауруханалар карантинге жабылды. Енді тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алу үшін жедел желіге қоңырау шала алады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір барлық ауруханалар карантинге жабылды. Енді тұрғындарды мазалап жатқан сұрақтар мынадай, мәселен, жүрегі ауыратын, өзге де сырқаттары бар адамдар қайда хабарласамыз деп жатыр. Барлық сұрақтарға байланысты осы 8800808828 немесе 87282411212 номерлерге хабарласуға болады», - деді Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Сондай-ақ ведомство өкілінің мәліметінше, Алматы облысы бойынша ауруханаларда орындар бар.

«Алматы облысында дәлізде ем алып жатқан науқастар жоқ. Ауруханаларда орындар жеткілікті. Бірақ, әр түрлі ауру белгілерімен яғни, тұмау, дәм, иіс сезбеу, температурамен шағымданатындар саны күрт өсті. Олардың барлығы дерлік ауруханаларға жатқызыла бермейді. Бірақ оларға өздерінің учаскелік дәрігерлері онлайн түрде қандай ем-шараларын қолдану жөнінде кеңестерін беріп жатыр», - деді Л. Әубәкірова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT