+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Алматы облысында он есекті ұрлап сатқан күдікті ұсталды

2019 жылғы 23 шілде 16:36
Бөлісіңіз:
Алматы облысында он есекті ұрлап сатқан күдікті ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында есек сатумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандылық барымташы Ақмола облысынан 50 жылқы ұрлаған Жазасын өтеп жатқан ағасына жасырып ұялы телефон өткізбек болған - Қызылорда Ресейде қылмыс жасап, қашып жүрген 47 жастағы әйел Қазақстанда ұсталды

Аталған дерек Ұйғыр ауданында тіркелді. Маусым айының ортасында бір түнде Үлкен Диқан ауылынан белгісіз біреу жайылымда жүрген 10 есекті үптеп кеткен. Тұрғындардың дер кезінде полицияға жүгінгенінің нәтижесінде қылмысқа қатысы бар тұлға анықталды.

«Жедел іздестіру шаралары негізінде Ұйғыр ауданының полицейлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен Шонжы ауылының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу барысында ұрланған есектердің арзан бағаға Талғар ауданында сатылғаны белгілі болды. Ұрланған малды сатып алушы да анықталды және қолды болған жануарлар өз иесіне қайтарылды», - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған қылмыстық іс Ұйғыр ауданы полициясының өндірісінде. Қазіргі уақытта ұсталған күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бары анықталып жатыр.

Облыстық полицейлер ұрланған мүлікті сатып алумен айналысты деген күдікке ілінген Талғар ауданының тұрғынын да жауапкершілікке тарту мәселесін көтеретінін жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT