Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен автокөлік жүргізушісі ұсталды. Жол талғамайтын көліктің иесі 46 жастағы Ұзынағаш ауылының тұрғынын көлікпен қағып, бірден оқиға орнынан тайып тұрған.

Жергілікті полиция өкілдері аталған азаматты бір аптаға жуық іздеуден соң ғана тапты. Оқиға қазанның 8-нен 9-на қараған түні болған. Жаяу жүргіншіні көлікпен қаққан адам, зардап шегушінің тірі екенін көріп, алғашқы медициналық көмек көрсетпестен оқиға орныннан ізін суытқан. Алайда көліктен қалған айғақ заттар автокөліктің маркасын табуға өз септігін тигізді. Ашық түсті Лексус RX-330 маркалы көліктің иесі 43 жастағы азамат болып шықты.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталып кетті. Ал зардап шегуші жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Полиция өкілдерінің мәліметінше аталған факті бойынша процессуалдық шешім қабылданғанда барлық жайттар, оның ішінде көлікпен қаққан азаматтың бірден оқиға орнынан қашып кеткен әрекеті ескерілетін болады, дейді.

Соңғы жаңалықтар