Алматы облысында жасөспірімнің мәйіті арықтан табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жасөспірімнің мәйіті арықтан табылды. 11 жастағы Расул Адиловтың жоғалғандығы жөнінде ақпарат бүгін таңғы сағат бестер шамасында Ескелді аудандық ІІБ түскен.

Кезекші бөлімге баланың жоғалғандығы жөнінде әкесі  Равиль Адилов хабарлаған. Жедел іздестіру нәтижесінде 2005 жылғы жасөспірімнің  мүрдесі Ескелді ауданындағы қиыршық тас шығаратын зауыттың  аумағынан  табылған.

Қазіргі таңда ҚК 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.    

Соңғы жаңалықтар