Алматы облысында жасөспірімді өлтіріп кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 15 жастағы жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 17 жастағы бала ұсталды. Оқиға Іле ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған фактіні облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

«Жәбірленуші 2003 жылы туған. Іле ауданында болған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» фактісі бойынша іс қозғалып,  тергеу жүріп жатыр»,- деп мәлімдеді аталған ведомстводан. 

Сондай-ақ, осы іске қатысты күдікті ретінде ұсталған азамат та жасөспірім екені белгілі болды.

«Күдікті  қамауға алынды. Қылмыстық іспен Іле ауданның полицейлері айналысуда», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар