Алматы облысында жасөспірімдер үш күнде 597 мәрте заң бұзған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында үш күнде жасөспірімдердің 600-ге жуық заң бұзу фактілері тіркелді. Өңірде 13-15 ақпан аралығында «Жасөспірім» жедел алдын-алу шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмағандардың 579 әкімшілік заң бұзу фактісін анықтады. 13 жағдайда алкогольді ішімдік ішкен. Жергілікті полиция бөлімдеріне 500-ге жуық жасөспірім жеткізілді. Оның 400-і түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз көше кезіп жүрген.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел алдын алу шаралары барысында тәртіп сақшылары 900-ге жуық ойын-сауық орындарын аралап шыққан. Осы кезеңде бұзақылық дерегі бойынша 3 факті тіркелген.
5 жасөспірім бейімдеу орталықтарына жіберілді.
- Қызылордада 30 жастағы жігіт былтырдан бері табылмай жатыр
- Қайыңдыда матраспен жүзген видео авторлары жазалануы мүмкін
- Бірнеше рет атылған оқ даусы жұрттың зәресін ұшырды –Павлодар
- Сомалидегі жарылыс: 17 адам қаза тапты
-
Бурабай ауданында жедел жәрдем көлігінің терезесі сынды: полиция іс қозғады
-
Елек өзеніне батып кеткен адам құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам