+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысында жас жігіт 65 жастағы әйелді ұрып, тонап кеткен

2020 жылғы 17 қыркүйек 11:37
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жас жігіт 65 жастағы әйелді ұрып, тонап кеткен

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 28 жастағы азамат 65 жастағы әйелді ұрып, тонады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Пәтерді жалға алып, қымбат теледидарды ұрлап кеткен адам ұсталды Қызылордада тергеу изоляторында сәлемдемеден телефон табылды 24 жыл бұрын Беларусьте кісі өлтірген адам Алматыда ұсталды

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Текелі ҚПБ кезекші бөліміне 65 жастағы жергілікті тұрғын орталық саябақта сағат 18.30 шамасында белгісіз ер адамның шабуыл жасағаны туралы арызданған. Күдікті азаматшаның бетінен ұрып, жеке заттарынан басқа ұялы телефоны мен ақшасы бар сөмкесін тартып алған. Жалпы шығын сомасы 76 мың теңгеден асып отыр.

Аталған дерек ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол бұған дейін де қарақшылық, ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Қаратал ауданы Қаратал ауылының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT