+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматы облысында жас мамандарға салынған зәулім үй бос тұр

2018 жылғы 2 ақпан 12:54
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жас мамандарға салынған зәулім үй бос тұр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қаратал ауданына қарасты Көпбірлік ауылында жас мамандарға екі қабатты үй салынды. Алайда ауылға барып жұмыс істейтін маман жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі отбасыға арналған зәулім үйді ауыл тумасы, Қазақстанның құрметті энергетигі Кенжемұрат Дүкенбаев деген азамат салып берді. Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласына қолдау көрсетіп, туған жеріне ту тіккен азаматтың бір ғана талабы бар. Бұл баспанаға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында Көпбірліктегі мектепке келген жас мұғалімдер орналаса алады. Бірақ бір жылдан бері ауылға жұмыс іздеп келген маман жоқ. Ал Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектепке орыс тілі және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері ауадай қажет.

Жалпы 110 түтіні бар Көпбірлік ауылы аудан орталығы Үштөбе қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан. Елді мекенде орта және шағын бизнес дамып келеді. Ауыл Балқаш көлінің жағалауында орналасқандықтан мұндағы тұрғындардың басым бөлігі - балықшылар.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT