+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Алматы облысында жарылыстан бір адам мерт болып, үшеуі жарақаттанды

2019 жылғы 31 тамыз 14:12
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жарылыстан бір адам мерт болып, үшеуі жарақаттанды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында өндірістік цехта болған жарылыс салдарынан бір адам көз жұмып, үшеуі зардап шекті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«31 тамыз күні сағат 12.22 кезінде Алматы облыстық ТЖД-ның жедел кезекші бөліміне Қарасай ауданы Райымбек ауылында газбетонды блок шығаратын цехта жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жоғары қысыммен газбетонды өндірісті жүргізу кезінде автоклав атылып, жарылыстан цех ішінара бұзылған», - деп хабарлады ол.


Жарылыс салдарынан түтін шығатын құбырдың бір бөлігі жеке тұрғын сектордың аумағына ұшып түскен.

«Жарылыс орнында 1961 жылғы ер адамның денесі табылды. Сонымен бірге, оқиға орнынан әртүрлі жарақатпен аудандық ауруханаға үш адам жеткізілді. Бұдан бөлек, цех аумағында тұрған «Mercedes-Benz ML 300» және «Toyota Avensis» көліктері зақымданды», - делінген хабарламада.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT