Алматы облысында жарылғыш зат жөнінде хабарлаған әйел ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жарылғыш зат жөнінде хабарлаған күдікті әйел ұсталды. Қазір аталған іс бойынша 1980 жылы туған азаматша Талғар аудандық ІІБ-де тергеліп жатыр. Жалған ақпарат берген күдікті әйел "Қызыл Қайрат" ауылының тұрғыны, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғынның мұндай әрекетке  не себепті барғаны белгісіз. Әзірге белгілісі, ол бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 13:30-да белгісіз біреу Талғар аудандық ІІБ-ге қоңырау шалып, "Қызыл Қайрат" ауылындағы балабақшалардың біріне жарылғыш зат қойылғандығын айтқан. Ауылда орналасқан 3 балабақшадағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Аймақ толықтай қоршауға алынған. Оқиға орнында құзырлы орган қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар аталған жағдайға  түсіністікпен қарап, халықтан дүрлікпеуді сұрайды.   

Соңғы жаңалықтар