Алматы облысында жарты миллион теңгенің темекісін ұрлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Панфилов ауданының полициясына Жаркентте кәсіпкерлікпен айналысатын әйел келіп, Қорғас шекара маңындағы ауылда орналасқан халықаралық сауда орталығының аумағындағы контейнерді бұзу туралы өтініш берген.

Әйел 560 000 теңгеге шығындалғанын айтты.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Панфилов АІІБ-нің жедел-тергеу тобы кезекшілік тәуліктің ішінде бұл ұрлықты жасауда күдікті танылған екі азаматты ұстады.

Полицейлер Жаркенттің 27-30 жастағы тұрғындары болып шыққан екі азаматтың ұсталып, Панфилов АІІБ-не жеткізілгенін айтты.

Қазіргі кезде ұрланған темекі бұйымдары заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары темекі өнімдерін ұрлау фактісімен қылмыстық іс қозғады.

Екі күдікті азамат тергеу кезінде «ешқайда кетпеу туралы» қолхатпен босатылды.

Соңғы жаңалықтар