+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматы облысында жарты миллиард теңгеге тартылған газ құбырлары қирап жатыр

2021 жылғы 9 қыркүйек 11:10
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жарты миллиард теңгеге тартылған газ құбырлары қирап жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жарты миллиардқа тартылған газ құбырлары қазір сынып, құлап жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында ең ескі ЖЭО жаңғыртылады Сұйытылған газ бағасына қатысты түсінік бере алмаймын – Энергетика министрі 2025 жылға дейін ауасы барынша ластанған 10 қала газға көшеді

Жоғары қысымды газ құбырлары Жамбыл ауданының бес ауылына 2014 жылы тартылған. Бірақ 7 жыл өтсе де бұл құбырлар тек ауылдың сыртына дейін ғана жеткізіліп, ауылдың ішіне кіргізілмеген. Жұмыс аяқсыз қалған.

«2014 жылы 491 млн теңгеге сол Жамбыл ауданының бес ауылына жоғарғы қысымды газ құбыры тартылған. Жергілікті бюджеттен, республикалық бюджеттен газға қаржы бөлінбегеннен жоғарғы қысымды газ ауылға дейін тартылды, бірақ ауылдың ішіне кірмеді», - деді Алматы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекенов.

Айта кетейік, газ құбырлары Жамбыл ауданның Балғабек Қыдырбекұлы, Жайсан, Көкдала, Қазбекбек бекеті, Ақсеңгір ауылдарына тартылған. Бірақ басталған жұмыс аяқсыз қалды. Енді нақты бұл ауылдардың ішіне газ құбырының қашан жүргізілетіні белгісіз.

Алматы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекеновтің сөзінше, қаражаттың бөлінгеніне байланысты жұмыстар жүргізіледі.

Жалпы, Алматы облысын соңғы бес жылда газбен қамтамасыз ету үшін 65 млрд теңге бөлінген. Елді-мекеннің 31 пайызы ғана газбен қамтылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT