Алматы облысында жарақаттанған 4 адамның жағдайы белгілі болды

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жанжалдан кейін ауруханаға түскен 4 науқастың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 5 қараша күні түнде 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен.

«1992 жылы туған науқас сол жақ кеудесіне кесілген жарақат алған. Аурухана бөлімінде ем қабылдауда. Жағдайы тұрақты.

1984 жылы туған науқас бас-кеуде тұсына кесілген жарақат алған. Оған операция жасалды. Жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жағдайы өте ауыр.

1987 жылғы науқас бас-ми жарақатын, оң жақ иығынан кесілген жарақат алған. Травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты.

Ал төртінші науқас дәрігердің тексеруінен кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді»,- делінген аталған ведомствоның хабарламасында.

Еске салайық, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында ер азаматтар жанжалдасып, 5 адам ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз. Оның бірі көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар