Алматы облысында жаппай төбелестен кейін бір топ адам үй мен көліктердің терезесін сындырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының Панфилов ауданы Пенжім ауылында бұзақылар бірнеше үй мен көліктің терезесін сындырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 27 қазан күні сағат 20:00 кезінде 102 пультіне Пенжім ауылындағы оқушылар арасындағы төбелеске қатысқандардың бірінің үйінің жанына 30-ға жуық адамның жиналған.

Бір топ адам бірнеше жеке үйдің, сонымен қатар автокөліктердің терезесіне шаққан.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалды», - деп атап өтеді департаменттен.

Сондай-ақ дәл сол күні сағат 22:45-те Панфилов аудандық полиция бөліміне Пенжім ауылының жаңа құрылыс ауданындағы үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері барған.

«Үй иелерінің айтуынша, өрттің шығуына пештегі ақау себеп болған. Сағат шамамен 23:30-да өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Бұл өрттің оған дейін орын алған оқиғаға қатысы жоқ. Ауылда қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілген, жағдай бақылауда тұр. Алматы облыстық полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үші қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді», - деді ведомстводан.

Бұған дейін Алматы облысының Панфилов ауданы Пенжім ауылында жаппай төбелес болып, бір жасөспірім ауруханаға түскенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар