Алматы облысында жантүршігерлік оқиға: Жеңіл көлік екі Камаз-дың ортасында қалған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жантүршігерлік көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 10:00 шамасында болды. Қарасай ауданының Жібек жолы-Елтай-Боралдай автожолында жеңіл автокөлік екі КамАЗ-дың ортасында қалған. Соққының салдарынан «Мазда-626» көлігінің сау-тамтығы қалмады.

Көлік апатын Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі растады.

«HUALING» маркалы жүк көлігі кептеліс салдарынан арақашықтықты сақтамай «Мазда-626»-ға барып соғылған. Жеңіл автокөлік соққының салдарынан алдындағы «Volvo» жүк көлігіне созылған. Оқиға орнында жеңіл машинаның жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға түсті», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазір аталған көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар