Алматы облысында жантүршігерлік көлік апаты болды

None
None
ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жаркент қаласында үш көлік соқтығысып, машиналардың сау-тамтығы қалмаған. Оқиға орнынан түсірілген суретте «Митсубиси паджеро» «Тойота карина» көлігінің үстіне дейін шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы бүгін Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында болғанын растады.

«Жол-көлік оқиғасында «Митсубиси паджеро», «Тойота карина» және «Рено дастер» көліктері соқтығысқан. Осы үш машинада төрт адам болған. Барлығы да аман. Бірақ «Митсубиси паджеро» көлігіндегі екі адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр»,- деді ведомства өкілі Көбейхан Нұрахметов.

Әзірге көшенің ортасында соқтығысқан көлік апатына кім кінәлі екені белгісіз. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.

null 

Соңғы жаңалықтар