Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарақшылық жасалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының «Комсомол-Чапай» автожолының бойында орналасқан жанармай құю бекеттерінің біріне қарақшылық жасалды.

Бетіне бетперде киген екі адам күзетші мен оператор қызды байлап тастап, кассадағы 200 мың теңгеге жуық ақшаны және алдын ала дайындалған арнайы көлікпен 18 тонна дизель отынды қолды қылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 31 қаңтар күні болған. Жедел іздестіру шаралары барысында Іле ауданының полицейлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады.

«Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 2-тармағына сәйкес қарақшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған ірі көлемдегі дизель отыны заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар