Алматы облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастап кеткен ананың ісі сотқа жіберілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылында сәбиін босанып, дәретханаға тастап кеткен әйелдің ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 24 жастағы Алтынай Ақжолтаеваға ҚР Қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша айып тағылуда.

ҚР Қылмыстық кодекстің  24 бабы 3 тармағына сәйкес, қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодекстің 100 бабы, яғни жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі бойынша қылмыстық іс Іле аудандық сотына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, сәби әжетханадан 4 шілдеде табылды. Дәретхананы бұзып, қыз баланы нәжіс арасынан тұрғындар құтқарып қалған болатын.  Шақалақтың анасы да көп ұзамай қолға түсті. Ол Қарасай ауданының тұрғыны Алтынай Ақжолтаева екені анықталды. 

Соңғы жаңалықтар