Алматы облысында жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданындағы Қарабұлақ ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бүған дейін 1100 тұрғыны бар елдімекенде бірде-бір медициналық мекеме болмаған. Медбике мен дәрігер ауыл әкімдігінің бір бөлмесін ғана паналап, тұрғындарға алғашқы көмек көрсетіп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тікелей қолдауымен салынған нысанның құрылысына 113 млн теңге жұмсалды. Көптен күткен медициналық пунктің ашылуына тұрғындар көп жиналып, ризашылықтарын білдірді. Жергілікті халық бұған дейін ауылдарында медициналық мекеме болмағандықтан аудан орталығына сабылатын. Қарабұлақтықтарды қуанышымен Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев құттықтап, алдағы уақытта ескі, тозығы жеткен клубты жаңартып, тойхана салып беруге ықпал ететінін жеткізіп, тұрғындардың қуанышын еселеді. 

Жаңа әлеуметтік нысанның лентасы қиылған соң аудан басшысы жергілікті тұрғындармен фельдшерлік-акушерлік пунктің ішін аралап көрді. Бұл жерде фельдшерлік кабинет, екпе бөлмесі және акушерлік кабинет орналасқан.

Бөлмелердің барлығы толықтай жаңа аппараттармен жабдықталған. Фельдшерлік-акушерлік пункте 1 фельшер, 1 акушер, 2 медбике 1100 тұрғынның барлығына сапалы медициналық көмек көрсетуге әзір.

«Күніне 25 адам қабылдауға дайынбыз» дейді мамандар.

null null 

Соңғы жаңалықтар