Алматы облысында жаңа машина жасау зауыты ашылады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қарасай ауданында машина жасау зауыты ашылып, 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Индустрияландыру күніне орай ашылатын кәсіпорынның құны 6,7 млрд теңге. Зауыт құрылысына 200 адам тартылды. Кәсіпорын түрлі металл құрастырмаларды өндіретін болады.

Машина жасау зауыты айына 1 500 тонна өнім шығарады. Өндірілген өнімнің 15 пайызы экспортталып, қалған 85 пайызы ішкі нарықты қамтиды деп жоспарлануда.

Зауытта жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттырып, оқыту мақсатында оқу орталығы ашылмақ. Оқыту процесі халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі. Оқу орталығын ашуға дәнекерлеу құрылғыларын өндіретін шведтік ЕSAB компаниясы серіктес ретінде қатысып отыр.

Кәсіпорынның өнімі ауылшаруашылығы саласында жоғары сұраныста болады деп күтілуде. Себебі зауыт агроөнеркәсіп кешеніне қажет жылдам құрастырылатын қора, қойма, тауық фермалары, көкөніс сақтайтын кешендер мен жылыжай кешендерін шығарады.

Зауыттың құрал-жабдықтары Германия, Италия, Польша мен Швеция елдерінен әкелінген.

Соңғы жаңалықтар