Алматы облысында жаңа ГЭС ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алматы облысында жаңа шағын ГЭС ашылды.

Сарқан ауданының Лепсі өзенінде қуаттылығы 17 МВт болатын шағын ГЭС-2 іске қосылды. Жаңа нысанның салтанатты ашылуына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты, деп хабарлады ҚазАқпарат Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Нысанның ашылуында А. Баталов Қазақстандағы тау суларының гидроэнергетикалық қорының 65% Алматы облысында екенін тілге тиек етіп,  облыста су және жел энергетикасын дамытудың арнайы бағдарламасы әзірленгенін, соның аясында жаңа ГЭС ашылып отырғанын атап өтті.
null  

«Осы ГЭС-ті іске қосудың нәтижесінде өңірдегі электр энерегиясының тапшылығы сағатына 68 млн. кВт-қа азайды. Бұл өте маңызды жетістік, дегенмен меже емес. Қазіргі кезде Қора өзенінде қуаттылығы 26-дан 29 МВт-қа дейінгі тағы 3 ГЭС-тің құрылысы жүріп жатыр. Оған қоса тағы бірнеше нысанның құрылысы жоспарланған. Мұның барлығы өзіміз өндіретін электр энергиясының тапшылығын азайтып, облыстың электр қуаты үшін сыртқа тәуелді болмауына және жаңартылған энергия көздерін дамытуға ықпал етпек. Сонымен қатар компаниялар жоспарлап, салған ГЭС-тар «ЭКСПО - 2017» көрмесіндегі «Қазақстан» павильонынан көрнекті орын алатын болады», - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Нысанның салтанатты ашылуынан кейін қатысушылар жаңа ГЭС ғимаратының ішін аралап көріп, жаңа үлгідегі нысанның жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысты.

Атап өтсек, Сарқан ауданы Лепсі өзеніндегі шағын ГЭС-2 жылына орта есеппен 67,78 млн. кВт/сағ. электр энергиясын өндіреді. Құрылыстың сметалық құны 4,2 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары 2014 жылдың тамыз айында басталған. Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жобаның авторы және бас мердігері - 500 кВ-қа дейінгі электр желілері мен кіші стансыларды жобалау, салу, жаңғырту мен жөндеу саласында еліміздің нарығында алдыңғы қатарда саналатын «АСПМК-519» ЖШС холдингі.
null  

Соңғы жаңалықтар