Алматы облысында жаңа екі ауданның әкімдері тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Алматы облысында жаңадан құрылған Кеген және Райымбек аудандарының әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Кеген ауданының әкімі болып Талғат Байеділов тағайындалды. Ол бұған дейін Райымбек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ал Райымбек ауданының әкімі болып Жолан Умаров бекітілді. 

Айта кету керек, Жолан Умаров аудан екіге бөлінбей тұрған сәтте  Райымбек ауданының әкімі болған. Жаңа аудандардың әкімдерін облыс басшысы халықпен кездесу барысында таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойған болатын.  

nullҚұжатқа сәйкес,  Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылы, ал Кеген ауданының орталығы Кеген ауылы болып құрылды.

null

Соңғы жаңалықтар