+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Алматы облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

2018 жылғы 7 тамыз 21:41
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округінің «Асыл арман» тұрғын үй массивінде дәрігерлік амбулатория ашылды. Емдеу мекемесі бір күнде 70 адам қабылдай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа амбулаторияның аумағы 480 шаршы метр. Ал ғимарат құрылысына облыс бюджетінен 52 млн теңге бөлінді. Емдеу мекемесінде 12 адам еңбек ететін болады. Қазірдің өзінде амбулаторияға бекітілген халық саны 4 мыңға жуық. Жалпы бұл тұрғын үй массивінде 21 мың адам тұрады. Сондықтан болашақта мамандар санын арттыру мәселесі қарастырылып отыр. Емдеу мекемесіне ең алдымен жергілікті тұрғындар қуанып отыр. Себебі бас ауырып, балтыр сыздағанда, балалардың мазасы кеткенде жақын маңда баратын емдеу мекемесі жоқ. Жаңа амбулатория тұрғындарға жедел қызмет көрсетіп қана қоймай, басқа да аурулардың алдын алуға мүмкіндік бермек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT