Алматы облысында жалған прокурор 5 жылға сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында елдерге өзін прокурор қызметкерімен деп таныстырған алаяқ 5 жылға сотталды. Енді 26 жастағы Алишер Қалмақамбетов жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаментіндегі баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушыға бір жыл бойы іздеу жарияланып, 2018 жылдың қыркүйек айында ұсталған. Алаяқ бабымен бас бостандығынан айырылған азамат жәбірленушілерге 23 миллион теңге шығын келтірген.

«Тергеу материалына сәйкес, 1993 жылғы Алишер Қалмақамбетов өзін прокурор қызметкерімен деп елдердің сеніміне кіріп, сотталушыларды қылмыстық жазалардан босатуға көмектесемін деп уәде берген. Анықталғандай, 2017 жылы ол бірнеше бірнеше мәрте алаяқтық жасап, елдердің қомақты мүлкін иемденген. Тергеу материалында үш жәбір көрген. Сот процессінде сотталушы кінәсін толық мойындады» деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Талдықорған қалалық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК 190-бабы (аса ірі мөлшерде алаяқтық) 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар